Тұрғындар көбінесе белгілі бір тауарды сатып алу үшін интернет-ресурстарды пайдаланады, қызметтерге ақы төлейді және т. б.
Азаматтарға телефон арқылы алаяқтық – ең көп таралған мүліктік қылмыстардың бірі екенін еске салды. Банк карталарынан ақшаны ұрлау әдістері жыл сайын күрделене түсуде. Алдын алу бойынша рейдтерді ұйымдастырушылар азаматтарға бейтаныс адамдардан қоңырау шалған жағдайда тыныштық сақтауға, ешқандай жағдайда банк карталарының деректемелерін, пин-кодты хабарламауға және оларды смс-хабарламада телефон нөмірлеріне жібермеуге кеңес берді.
Осыған байланысты Ақтау қаласы Полиция басқармасының бастығы Мадияр Омаров азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың қулықтарына бой алдырмауға шақырады. Ешқандай жағдайда жеке деректерді хабарлауға болмайды.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса, дереу полицияға хабарласыңыз.