GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Тергеу және анықтау
23 октября 2026
Тергеушінің бір күні: Заң мен тәртіп жолындағы қызмет

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және заңдылықты қамтамасыз ету — полиция қызметкерлеріне жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Бұл салада қызмет ету кәсіби білімді, жауапкершілікті, сабырлылықты және табандылықты талап етеді. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген азаматтардың бірі — Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Жолдасов Дамир Дәулетбекұлы.

Болашақ мамандығына қажетті білім мен тәжірибенің негізін ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында меңгерген. Ол бүгінде алған білімін тәжірибемен ұштастырып, тергеу бөлімінде есірткі қылмыстары мен бұзақылыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бағытында қызмет атқарып келеді.

Тергеушінің күнделікті жұмысы — үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты қажет етеді. Оның жұмыс күні қылмыстық істердің материалдарын зерделеуден, оқиғаның мән-жайларын талдаудан және алдағы тергеу әрекеттерін жоспарлаудан басталады. Әрбір материал мұқият қарауды, дәлелдемелерді объективті бағалауды және процестік нормалардың сақталуын талап етеді.

Тергеу барысында тергеуші жауап алу, қарап-тексеру, беттестіру әрекеттерін жүргізеді, сараптамалар тағайындайды және заңда көзделген өзге де процестік әрекеттерді орындайды. Бұл ретте бірде-бір маңызды жайтты назардан тыс қалдырмау, барлық нұсқаларды тексеру және болған оқиғаның нақты мән-жайларын анықтау маңызды.

«Тергеушінің жұмысында объективтілікті, мұқияттылықты және сабырлылықты сақтау маңызды. Әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры тұр. Сондықтан барлық мән-жайды жан-жақты зерттеп, шешімдерді тек заң аясында қабылдау қажет» дейді полиция лейтенанты.

Дамир Дәулетбекұлы қызметтік міндеттерін орындаумен қатар жеке дайындығына да айрықша мән береді. Ол бос уақытында қоян-қолтық ұрыс спортымен айналысып, физикалық мүмкіндіктерін жетілдіреді. Спорт оның бойындағы төзімділік пен тәртіпті нығайтып, алға қойған мақсатқа табандылықпен ұмтылуға үйретеді.

Заң мен тәртіпті сақтау жолында еңбек ету — үлкен жауапкершілік. Ал сол сенімді ақтау үшін білімді, білікті әрі рухы мықты болу қажет. Дамир Жолдасовтың қызметі мен спортқа деген қызығушылығы осы қасиеттерді қатар ұштастырудың көрінісі.

Жергілікті полиция қызметі
23 октября 2026
Қызылордалық тұрғын темекі тұқылын жерге тастағаны үшін айыппұл арқалады

Қызылордада полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи технологияларды белсенді түрде қолдануда.

Дрон көмегімен жүргізілген бақылау барысында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында темекі шеккеннен кейін оның тұқылын белгіленбеген жерге тастаған азамат анықталды.

Құқық бұзушы Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.

Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, белгіленген талаптарды орындауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Қоғамдық тәртіп сақтау — әр азаматтың ортақ міндеті.

Жергілікті полиция қызметі
23 октября 2026
Қызылордалық полицейлер студенттерге ашық есік күнін өткізді

Қызылорда қаласы Полиция басқармасында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Тағылымды кездесудің басты мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шараны Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ләззат Ахметова жүргізді.

Ашық есік күні аясында студенттер полиция басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Экскурсия барысында уақытша ұстау изоляторының, жедел-криминалистикалық бөлімнің және кезекші бөлімнің «102» арнасына келіп түсетін хабарламаларды тіркейтін қызметі көрсетілді. Сондай-ақ студенттер қылмыстық істерді тергеу тәртібі мен қабылдау-тарату мекемесінің жұмысы туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында жастар полиция қызметіне қабылдану талаптары, қызметтік міндеттер мен жауапкершілік, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде сұрақтар қойды. Ләззат Сүндетқызы студенттердің сауалдарына жан-жақты жауап беріп, заң талаптарын сақтау, құқық пен міндеттерді білу және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну әрбір азамат үшін маңызды екенін атап өтті.

Мұндай танымдық кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңға деген құрметін арттыруға, сондай-ақ полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастырып, құқықтық сауатты қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Әкімшілік полиция
22 октября 2026
Қызылордада дрон арқылы жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші анықталды

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық күшейтілген іс-шаралар өткізуде. Рейдтік шаралар барысында бақылау жүргізу кезінде тәртіп сақшылары дрон құрылғысын пайдалануда.

 Мәселен облыс орталығындағы көшелердің бірінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген «Lexus» автокөлігінің жүргізушісі анықталды.

 Жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында осы тектес әрекеті үшін оған әкімшілік шара қолданылса да ол еш нәтиже шығармай, бiр жыл iшiнде құқық бұзушылықты қайталап жасаған. Осыған байланысты оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жазаға тартылды.

Сот шешімімен құқық бұзушыға айыппұл салынды.  

Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  Әсіресе жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге жол беруге міндетті.

Жергілікті полиция қызметі
22 октября 2026
«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіп кепілі

Қызылорда өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау қажеттігін ескертуде.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір апта көлемінде облысымызда қоғамдық орындарды ластаудың 217 дерегі анықталып, құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларға қатысты қоғамдық орындарды ластағаны үшін 86 және абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 131 әкімшілік хаттама ресімделіп, тиісті шаралар  көрілді.

Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамау және ортақ пайдаланылатын аумақтарға ұқыптылықпен қарау қажеттігін ескертуде. Мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жергілікті полиция қызметі
22 октября 2026
Ортақ мүлікке құрмет – азаматтық жауапкершілік    

Бүгінде елімізде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәселесіне ерекше мән берілуде. 

Оның ішінде ғимараттардың қабырғаларына, тұрғын үйлердің кіреберістері мен басқа да қоғамдық орындарға түрлі жазулар мен суреттер салу қоғамымызға жат қылықтар болып табылады.

Осыған байланысты Қызылорда облысында полиция қызметкерлері заңсыз граффити жазуларын анықтау, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жүргізіп, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мен тазалықты сақтау қажеттігін ескертуде.

Бүгінгі күнге дейін 265 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, жазбалар мен суреттерді салудың 429 дерегі анықталып, олар жойылды.  

Аталған бағытта полциия қызметкерлері тұрғындармен кездесу жиындарын өткізіп, олардың барысында қоғамдық мүлікті бүлдіруге жол бермеу, ортақ пайдаланылатын нысандарға ұқыпты қарау және вандализмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Әкімшілік полиция
21 октября 2026
Қызылордада масаң күйде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы облыс аумағындағы жол қозғалысына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында полиция қызметкерлерінің назарына автокөлікті күмәнді түрде басқарған жүргізушіні анықтады.

Аталған ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жеткізілді. Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдап, көлік құралын тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталды.  Полиция қызметкерлері 49 жастағы қала тұрғынын полиция бөліміне жеткізді. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

“Заң мен тәртіп” қағидатын сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Қызылордада жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі.

Осы мақсатта Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция аға инспекторы полиция майоры Виталий Соболев Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар студенттерге құқыққа қайшы әрекеттердің салдары мен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы айтылды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға, заң талаптарын құрметтеуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстануға бағытталған.

Әкімшілік полиция
21 октября 2026
Қызылорда облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

20–23 қазан аралығында Қызылорда облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық тәртібін нығайту.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және заң талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

Заң мен тәртіп қауіпсіз қоғамның негізі!

Күзет қызметі
20 октября 2026
Қызылордада терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Қызылорда облысында мемлекеттік күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізілді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Жиынға мемлекеттік күзетілетін объектілердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында терроризмге қарсы қорғаныс талаптары, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар объектілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қызметкерлердің даярлығын жетілдіруге және терроризм қатерлерінің алдын алуға бағытталған.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы