Қызылордалық полицейлер кезекші тәулікте екі автокөліктен тіркеуде жоқ 2 қаруды анықтады

Қызылордалық полицейлер кезекші тәулікте екі автокөліктен тіркеуде жоқ 2 қаруды анықтады

Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөлімінің патрульдік полиция батальоны инспекторлары бағыт аралау барысында күдік тудырған екі автокөлікті тоқтатқан.

Қарап тексеру барысында автокөліктердің жүк салғышынан құжаты жоқ ІІО-да тіркелмеген 2 аңшы мылтығы алынды.

Екі дерек бойынша, 32 және 42 жастағы жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ң 482 - бабының 1 - бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды (Ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, газ қаруын және оның патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау), жинақталған құжаттар сотқа жолданды.