ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары   кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшелерде, ойын-сауық мекемелерінде болуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін өткізуге тыйым салу туралы заңнама талаптарының орындалуын бақылау бойынша үнемі рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған, қолайсыз және әлеуметтік осал отбасыларында тәрбиеленетін балалармен жасалатын қылмыстық әрекеттердің алдын алу бағытындағы іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

07 қараша күні сағат 19:00-де Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, 2005 жылы туған кәмелетке толмаған қызы туыстарымен бірге Қызылордаға кетіп, бірақ туыстарының үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмағандығы жайлы арызданған.

Жоғалған қызды іздестіру үшін учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция қызметкерлерінен мобильді топ құрылды, сондай-ақ полицияның қосымша күштері тартылды. Жоғалған қызды анықтау мақсатында қалалық ПБ барлық қызмет салаларына бағыт-бағдар таратылды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде және Қызылорда қаласы ПБ ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Романов Батыр мен Алматы қаласы желілік полиция Департаментінің қызметкері полиция лейтенанты Азат Аблакимовтың кәсібилігінің арқасында 7 қараша күні бойжеткен аман-есен Өскемен бағытындағы поездан анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде қыздың үлкендерді ескертпей, поезбен Өскемен қаласына барып, досымен кездеспек болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ата-анасы қызын қайтару үшін Өскемен қаласына аттанды.

Ата- анасы полицейлерге адал қызметі үшін және аман-есен қызының қайтаруына көмектескені үшін, өз алғыстарын айтты.

Жыл басынан бері 900-ден астам заңды өкілдер ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда қаласының ПБ-на 1274 қаңғыбастықпен айналысқан және түрлі құқық бұзушылықтар жасаған жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 1246 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 148 кәмелетке толмаған бала орналастырылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлігіне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) – 40 (былтыр-74) жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) үшін 3 ата-ана сот шешімімен жауапкершілікке тартылып, оларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қалалық Полиция басқармасының басшылығы ата-аналардан балаларының уақытын бақылауды және оларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды сұрайды.



Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы