ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Облыс орталығының тұрғыны анықтаушыға алғыс білдірді

26 қазан 2020 жылы Қызылорда қаласының тұрғыны Қадыркұлов Кенжеғали Қызылорда қалалық Полиция басқармасына келіп, полиция қызметкерлеріне өз алғысын  білдірді.

Ағымдағы жылдың  қыркүйек айының 4 күні үй ауласына шатырын жасап беремін деп, 350 мың теңге ақшасын алдап алып, алаяқтың құрбанына түскені жайында бұл азамат Полиция басқармасына арызданған. Басқарманың анықтаушысы полиция майоры Ахметова Ляззат қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинақтап, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп, тергеу нәтижесімен қылмыстық істі  сотқа жолдаған.

Сот үкімімен жәбірленушіге келген шығын толығымен өндірілді.    

Қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Анықтау бөлімінің басшылығы мен  анықтаушысы полиция майоры Ляззат Ахметоваға қызметінде белсенділік пен кәсіптік шеберлігін танытқаны үшін өз алғысын білдіріп, алдағы  уақытта  жұмыстарына  табыс  тіледі.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
30 октября 2020
Дата обновления
30 октября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы