ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қызылордалық полицейлер ата – анасымен жанжалдасқан соң үйінен кетіп қалған қызды тапты

Қызылорда облысында ата – анасымен ұрысып, үйден кетіп қалған жасөспірім қыз  аман-есен табылып, үйіне қайтарылды.

20 қазан күні Қазалы ауданының полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған қызының белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне оралмағандығы жөнінде арыз берді.

Дереу полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып, кәмелетке толмаған баланы жан-жақты  іздестіру жұмыстары жүргізіле бастайды. Топ-топ болып бөлінген сақшылар ауданның барлық ауылдарын, далалық жолдарды түгел қамтиды. Үйінен қашып кеткен жасөспірім Қызылорда қаласынан табылды

«Жасөспірімді іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп үздіксіз жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бір тәулік ішінде жасөспірім аман – есен табылды.  Қыз баланың өзі түсіндіргендей, анасымен ұрысып қалғаннан кейін, ол үйінен кетіп қалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын ювеналды полиция қызметкерлері тексеріп жатыр» дейді Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі  Арынов Сәбит.

Ұрпақ тәрбиесі – қашан да маңызды мәселе. Салауатты ұрпақ өсіруде балаға бөлінген уақыт пен берілген тәрбиенің мәні ерекше. Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Сол себепті ата – ана балаларын үнемі бақылап, қадағалап отыруы керек.  Бұл ретте полиция қызметкерлері балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

        Айта кетерлігі, қызылордалық полицейлер жыл басынан жоғалған 23 баланы тауып, аман – есен ата – аналарына тапсырды. 

 

                                                                                             

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 октября 2020
Дата обновления
22 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы