
Арал ауданының тұрғыны Байжақанов Аралбек әлеуметтік желілер арқылы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне мал ұрысын ұстағаны үшін алғысын білдірді.
Бұл азамат 21 жылқысының ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданған болатын. Полиция қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлері майор полиции Бердібеков Алмат, жедел уәкілдер полиция аға лейтенанты Алмағанбетов Нұрбек және Баймаханов Мұрат жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлаған қылмыскерді қолға түсірді.
Полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардан алғыстар көптеп айтылып жатыр. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым әзір.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі