ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

 

Қызылордада ауыл тұрғындары полицейлерге алғысын айтты

 

     «Өз қызметін жақсы атқарған полицейлердің жұмысы үшін, атап айтқанда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қанат Өсербайұлына, осы бөлімнің аға жедел уәкілдері полиция майоры Ғалым Мәмбетов пен полиция майоры Ерлан Исмайловқа зор алғысымызды білдіреміз», - дейді Шиелі ауданының тұрғындары Ысқақ Әлімжан мен Жылқайдаров Мұхит.

     4 қыркүйекте полицияға тұрғындар  жайылымнан екі бас сиыры ұрланғандығы жөнінде арызданады.  Мән-жайларды анықтау кезінде Ақтам ауылының «Қалған Дария» учаскесінен жайылымдағы сиырларының  қайтпағаны белгілі болды.

     Хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізін суытпай күдікті анықталып, ұсталады. Аталған  дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынды.

     Азаматтар полицейлерге дән риза. Олар кезекші тәулікте жоғалған малды тапқан қызметкерлердің үйлесімді, нақты әрекеттерін атап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
10 сентября 2020
Дата обновления
10 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы