ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ұрланған заттары табылған азаматша қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді

         16 тамызда ҚР ІІМ Байқоңыр қаласы өкілдігінің кезекші бөліміне жергілікті азаматша жүгініп, қол сөмкесінен  ақша мен банк кәртішкелері, оған қоса күйеуінің құжаттары салынған әмиянының ұрланғанын айтқан.

         ҚР ІІМ Байқоңыр қаласы өкілдігінің криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» қаскүнемді ұстады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ұрланған заттар түгелдей азаматшаға қайтарылды.

      «Мен барлық полиция қызметкерлеріне үлкен ризашылығымды білдіремін! Аға жедел уәкіл полиция майоры Мухамбединов Серікке үлкен рахмет, менің арызымды назардан тыс қалдырмады. Қиын жағдайға тап болған маған жақсы көмек бердіңіздер, сол үшін үлкен алғыс айтамын», - деді өңір тұрғыны.

      Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
04 сентября 2020
Дата обновления
04 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы