
Тәртіп сақшыларының білімі мен біліктілігі негізінде материалдық шығыны орнына келген азамат Әділхан Жумабаевтың да аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ризашылығы шексіз. Оның айтуынша, ұрылардың қылмысын кешіруге болмайды, себебі ол бір адамнан кешіріп алып, екінші адамға тағы да зиянын келтіруі мүмкін.
«Өзім ұры-қары, қолының сұғанағы бар адамдарды мүлдем жақтырмаймын. Ұрылардың қылмысы әшкереленсе, кешіруге мүлдем болмайды деп есептеймін. Себебі, ұры адамнан барлық жамандық шығады. Мамыр айында ұрыларға тап болдым. Олар менің үйімнің құлпын бұзып, 3 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Бірден арыздандым. Сырдария аудандық полиция бөлімінен арнайы топ келіп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыс ашылып, ұрылар құрықталды», – дейді ол.
Атап өту керек, полицияның міндеті – қылмысты ашу және қылмыскерлерді құрықтау. Бұл басты міндетті Қызылорда облысы Полиция департаментінің сырдариялық полицейлер жоғары деңгейде орындап келеді. Әрбір арыз астарында адам тағдыры, бүтін бір отбасының, әулеттің жауапкершілігі тұрғанын терең сезінетін тәртіп сақшыларының алдағы уақытта да жүйелі жұмыс жүргізе беретініне сенім мол. Сондықтан ел алғысын, ризашылығын арқалаған полиция қызметкерлеріне сеніммен қараймыз және жұмыстарына жеміс тілейміз.