ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ауыл тұрғыны учаскелік полицейге алғыс айтты

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұрғыны ұрыны ұстап, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Мажиханов Дарханға алғысын әлеуметтік желілер арқылы жолдаған бейнежазбалары арқылы білдіруде.

21 тамызда  Шиелі аудандық полиция бөліміне Сұлутөбе ауылының тұрғыны мал қорасынан 1 бас жылқысы ұрланғандығы туралы шағым түсірді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 38 жастағы қала  тұрғынын анықтап, ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған күдіктінің басқа да мал ұрлығының деректеріне қатыстылығы тексерілуде.

Орын алған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

          Қызылорда облысының тәртіп сақшыларының атына азаматтардан  өтініштер келіп түсуде, олар қызметкерлерді қылмысты ашудағы адал жұмысы мен кәсібилігі үшін алғыс білдіреді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
21 августа 2020
Дата обновления
21 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы