ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ауыл тұрғындары ұрыны ұстап, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан полиция қызметкерлеріне

Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен тұрғын құрықталды

Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Шиеліде мал ұрлығын кәсіп еткен 1 адам ұсталып, қазіргі таңда онымен жасалған 3 ауыр санаттағы мал ұрлығы қылмыстары бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың шілде айында күндізгі уақытта полицияға Шиелі кентінің тұрғыны  2 бас сиырын жайылымнан ұрланғандығы жөнінде арыз беріп,  барымташыны ұстап, заң жүзінде шара көруді сұраған.

Үш күннен соң тағы да бір тұрғын жайылымдық жерден 2 бас сиырының ұрланғандығы жөнінде арызданды.

Бұған қоса, 5 тамыз күні полицияға мал ұрлығы жөнінде тағы да бір арыз түседі. Кент тұрғыны канал жиегіндегі жайылымға кеткен бір бас сиырының қолды болғанын айтады.

Орын алған оқиғалар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 2-бөлігі 1-тармағымен (ірі мөлшердегі мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы қылмыстарды жасаған Шиелі кентінің 35 жастағы тұрғыны құрықталып, қылмысы толық дәлелденіп, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Ауыл тұрғындары ұрыны ұстап, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан полиция қызметкерлеріне өздерінің алғысын әлеуметтік желілер арқылы жолдаған бейнежазбалары арқылы білдіруде.

Бұл болса, халық игілігі жолында жауапкершілік жүгін арқалаған тәртіп сақшыларының күнделікті қызметінің бір көрінісі ғана. 

 

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Дата публикации
19 августа 2020
Дата обновления
19 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы