
Ағымдағы жылдың тамыз айында Қызылорда облысы Ақай ауылдық округінде орналасқан тұрғын үйлердің біріне белгісіз тұлғалар терезін сындыру арқылы жасырын үй ішіне заңсыз кірген. Аталған үйдің тұрғыны Байқоңыр қаласында карантиндік шектеулерге байланысты өзінің Ақай ауылдық округінде орналасқан екінші мекен-жайына бара алмау салдарынан жабулы күйінде қараусыз қалған.
Азаматша тамыз айының 8-і күні өзінің Ақай ауылындағы жеке үйіне келген кезінде терезесінің сынғандығын және үй ішіне бөтен белгісіз тұлғалардың кіргендігін байқап, дереу полиция қызметкерлеріне қоңырау шалып, хабарлама берді.
Оқиға орнына келген ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жедел тергеу тобы учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мырзаш Нуртаев пен тергеуші полиция лейтенанты Бекмырза Азизов және жедел уәкілі полиция капитаны Алиаскарбек Кішібай дереу іздестіру жұмыстарын жүргізіп, бір тәулікке жеткізбей қылмыстың ізін суытпай күдіктілерді анықтады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Полиция қызметкерлерінің іскерлігі мен кәсібилігіне риза болған азаматша ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі