ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қызылордада ұрланған бірнеше малын тауып берген полиция қызметкерлеріне тұрғындар алғыс айтуда

Қызылорда облысының Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел уәкілдер полиция капитандары Тоқабаев Алмат, Балымбетов Нұрбол және учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Әбдіқасов Еркін, полиция майоры Ұзақбаев Жеңістер бірлесіп Тұрмағанбет ауылы тұрғынының былтыр 2019 жылдың қазан айында өрісте жайылып жүрген 1-бас сиырын және Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы тұрғынының қорасынан 2020 жылдың қаңтар айында ұрланған қойларын  іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тауып берген.

         Күдіктілер анықталып, қылмыскерлердің заңсыз іс-әрекеттері дәлелденіп, қылмыстық іс сотта қаралып, шешім шығарылды.       

         Ауыл тұрғындары ұрылардың ұсталып, олармен келтірілген шығын қайтарылғанын айтып, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан полиция қызметкерлеріне өздерінің алғысын әлеуметтік желілер арқылы бейнежазбаларында білдіруде.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
08 августа 2020
Дата обновления
08 августа 2020
Тип
Азаматтардың өтініштеріне шолу

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 ноября 2020
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы