Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарына сәйкес, ішкі істер органдарына қызметке қабылдау конкурстық негізді жүзеге асырылады.
2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ 31.08.2016 жылғы №870 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, конкурс жарияланғанға дейін ІІО-ға қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеуден өтеді.
Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ғимаратында өтеді.
Тестілеуге жазылу www.egov.kz интернет порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.
Үміткер құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуіне арналған тестілеу оның өтінішінде көрсетілген құқық қорғау қызметі лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған үміткерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуіне арналған тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі, ол тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы сертификаты болған және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда ІІО кадр қызметі үміткерлерге олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшін ІІО-ның әскери-дәрігерлік комиссиясына медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге, сондай-ақ денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға жолдама береді.
Аталған нормативтердің оң нәтижесін көрсеткен үміткерлер конкурстық комиссияның кандидаттармен өткізетін әңгімелесуіне жіберіледі.
Әңгілемесу қорытындысымен конкурстық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткер лауазымға тағылымдамашы ретінде тағайындалады.
Тағылымдама қорытындысы негізінде кәсіби құзыреттілігінің жоғары және орта деңгейін көрсеткен тағылымдамашы арнайы бастапқы оқудан өту үшін ішкі істер органдарының оқу мекемелеріне жолданады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын модернизациялау туралы Жол Картасы негізінде 2019 жылдың мамар айынан бастап арнайы бастапқы оқыту тергеу және криминалдық полиция желісі бойынша - 6 ай мерзіммен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы базасында жүзеге асырылса, ал қалған қатардағы, кіші және орта басшы құрам, яғни әкімшілік полиция желісі бойынша – 3 ай мерзіммен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, сонымен қатар Б.Момышұлы атындағы ІІМ Оқу орталығының базасында жүзеге асырылады.
КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ