Қызылорда облысының Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды.

Орта басшы құрамы бойынша:

 

        -Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, С-SSP-8 санаты бойынша – 7 бірлік;

        -Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, С-SVR-8 санаты бойынша- 5 бірлік.

 

Қатардағы және кіші басшы құрамы бойынша:

 

-Қызылорда облысының Полиция департаменті ғимараттарды күзету бөлімшесінің полицейі, С-SV-12 санаты бойынша – 3 бірлік;

-Қызылорда  қаласының  Полиция  басқармасы  патрульдік  полиция   батальоны кавалерия бөлімшесінің полицейі, С-SV-12 санаты бойынша – 2 бірлік;

-Қызылорда  қаласының  Полиция  басқармасы  патрульдік   полиция  батальоны кинология бөлімшесінің полицей-кинологі, С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Қызылорда қаласының Полиция басқармасы  ғимарттарды  күзету бөлімшесінің полицейі,            С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Қызылорда  қаласының  Полиция басқармасы тылдық қамтамасыз ету бөлімінің полицей-жүргізушісі, С-SV-12 санаты бойынша – 2 бірлік;

-Арал ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы, С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Арал ауданы Полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының технигі,  С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының технигі, С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Жалағаш ауданы Полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының технигі, С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Шиелі ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы, С-SV-12 санаты бойынша – 1 бірлік;

-Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының технигі, С-SV-13 санаты бойынша – 1 бірлік;

 

Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы /әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды/;

Жасы - 35-тен аспаған, бойы - ерлер үшін кемінде 170 см, ал әйелдер үшін 160см;

 

 

 

  • С-SSP-8 санаты бойынша міндетті түрде Қарулы Күштер қатарында

болған азаматтар /Білімі – жоғары және арнаулы орта: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Көлік тасымалдауларын, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру, Көліктік техника және технология/. Міндетті түрде автокөлікті жүргізу куәліктері болуы тиіс.

 

  • С-SVR-8 санаты бойынша (кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы) /Білімі -жоғары: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Педагогика және психология, Алғашқы әскери даярлық, Дене шынықтыру және спорт, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Психология/.

 

С-SV-12 және С-SV-13 санаттары бойынша /Білімі- орта білім, полицей- жүргізушілер үшін міндетті түрде автокөлікті жүргізу куәліктері болуы тиіс/.

 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 01 – 25 қараша аралығында қабылданады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі №18 үй, Кадр саясаты басқармасы, №216 қызметтік бөлмесі.

Байланыс телефоны 8/72-42-/29-70-47,

Электронды мекен-жайы: Ai.sharipova@mvd.gov.kz  

 

ІІО-ры қызметіне кандидаттардың қабылдануы ҚР ІІМ білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң жүзеге асырылады.

Алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығындарды (іріктеу жүргізу орнына бару және кері қайту, жол ақысы, медициналық комиссиядан өту, тұрғылықты орынды жалға алу, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.

 

Қызылорда облысы ПД

Кадр саясаты басқармасы

Дата публикации
27 октября 2021