Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды.
Орта басшы құрамы бойынша:
-Қызылорда облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы (қыз балдар), С- SN-8***санаты бойынша;
-Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, С-SSP-8 санаты бойынша;
-Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, С-SVR-8 санаты бойынша.
-Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, С-SVR-8 санаты бойынша.
-Шиелі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, С-SVR-8 санаты бойынша.
-Шиелі ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, С-SVR-8 санаты бойынша.
Қатардағы және кіші басшы құрамы бойынша:
-Қызылорда облысы Полиция департаменті ғимараттарды күзету бөлімшесінің полицейі, С-SV-12 санаты бойынша;
-Арал ауданы полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы, С-SV-12 санаты бойынша;
-Арал ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының техник-криминалисті, С-SV-13 санаты бойынша;
-Жалағаш ауданы полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобының қару-жарақ қоймасының меңгерушісі әрі қару шебері, С-SV-12 санаты бойынша;
Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар:
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы /әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды/;
Жасы - 35-тен аспаған, бойы - ерлер үшін кемінде 170 см, ал әйелдер үшін 160см;
- С- SN-8*** санаты бойынша /Білімі –жоғары және арнаулы орта:
Заңтану, Құқық қорғау қызметі, Халықаралық құқық, Алғашқы әскери даярлық, Дене шынықтыру және спорт/.
- С-SSP-8 санаты бойынша міндетті түрде Қарулы Күштер қатарында
болған азаматтар /Білімі – жоғары және арнаулы орта: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Көлік тасымалдауларын, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру, Көліктік техника және технология/. Міндетті түрде автокөлікті жүргізу куәліктері болуы тиіс.
- С-SVR-8 санаты бойынша (учаскелік полиция инспекторының көмекшісі) /Білімі – жоғары және арнаулы орта: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Алғашқы әскери даярлық, Мемлекеттік және жергілікті басқару/.
- С-SVR-8 санаты бойынша (кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы) /Білімі -жоғары: Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Педагогика және психология, Алғашқы әскери даярлық, Дене шынықтыру және спорт, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Психология/.
- С-SV-12 және С-SV-13 санаттары бойынша /Білімі- орта білім/.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 01 – 30 маусым аралығында қабылданады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі №18 үй, Кадр саясаты басқармасы №216 қызметтік бөлмесі.
байланыс телефоны 8/72-42-/29-70-47,
электронды мекен-жайы: Ai.sharipova@mvd.gov.kz
ІІО-ры қызметіне кандидаттардың қабылдануы ҚР ІІМ білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығындарды (іріктеу жүргізу орнына бару және кері қайту, жол ақысы, медициналық комиссиядан өту, тұрғылықты орынды жалға алу, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Қызылорда облысы ПД
Кадр саясаты басқармасы
Қызылорда облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторының міндеттері:
- қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, басқа да бұқаралық немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- террорға қарсы немесе өзге де арнайы операцияларды өткізуге қатысу;
- алға қойған мәселелерді шешу кезінде тапқырлық, батылдық, шешім қабылдағыш қасиеттерін көрсете отырып, ұдайы жауынгерлік әзірлікте болу.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторының міндеттері:
- өзінің маршруты мен бекетінде оларға іргелес аумақта қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ЖКО орнынан қашып кеткен көлік құралдарын, сондай-ақ қылмыстық мақсатта пайдаланылатын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш және есірткі заттарын заңсыз тасымалдайтын көлік құралдарын іздестіруді немесе ұстауды жүзеге асыру;
- патрульдеу маршрутында жедел жағдайдың барлық өзгерістері туралы, құқық бұзушыларды ұстау және жеткізу туралы ІІО кезекшісіне баяндау және соның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасау;
- бекітілген автокөлікке техникалық қызмет көрсетуді өткізу тәртібі мен негіздерін, жанар-жағармай маркасын, көлікті пайдалану кезінде қолданылатын құралдарды білу.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы көмекшісінің міндеттері:
- азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ете отырып құқық бұзушылықтардың, рецидивтік, тұрмыстық, алкогольдік қылмыстардың алдын алу, олардың жасалу себептері мен жағдайларын анықтайды;
- күнделікті қызметке шығар алдында өзіне бекітілген қаруы мен бейнежетондарын алып, құқық бұзушылықтардың барлығын бейнежетонға түсіріп, басқарманың серверіне күнделікті енгізуді қамтамасыз етеді;
- учаскелік полиция инспекторының көмекшісі өз құзыреті шеңберінде қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша криминалдық полиция, тергеу, анықтау, пробация қызметі бөліністерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимылды, сондай-ақ ІІО-ның жедел қызмет бөліністерімен қылмыстарды ашуға, ескертуге және жолын кесуге маңызды жедел ақпараттармен алмасуды жүзеге асырады;
- оқиғалар, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздарды қабылдайды, тіркейді және қарастырады, қабылданған шешім туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте арызданушыға хабарлайды, сондай-ақ белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторының міндеттері:
- өзіне бекітілген мектебінде жасөспірімдер арасындағы жағдайларды зерттеп, қылмыс пен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларын болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады;
- кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия арқылы олардың тұрмыстық жағдайына және құқықтарын қорғауға көмек көрсете отырып ата-анасының немесе олардың орындағы адамдардың қарауынсыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтау;
- бекітілген мектебінің және осы аймақта құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында әрдайым шолулар жүргізіп кешкі сағат 20.00-24.00 аралығында педпатруль ұйымдастырып, ертеңіне күнделікті жиында басшыларға есеп береді,
Қызылорда облысы Полиция департаменті ғимараттарды күзету бөлімшесі полицейінің міндеттері:
- күзетілетін ғимараттың ерекшеліктерін, оның осал тұстарын және көршілес бекеттермен, ішкі істер органдарының кезекші бөлімімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін білу.Радио және телефон байланысы құралдарын дұрыс пайдалануын білу;
- күзетілетін ғимараттарда орын алған қылмыстық және әкімішлік құқық бұзушылықтардың жолын кеседі және анықтайды;
- режимдік және өзге де үй-жайларды белгіленген талаптарға сәйкес қабылдауды қамтамасыз етеді.
Арал ауданы полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасының міндеттері:
- ғимараттың қажетті жабдықтарын анықтау, жөндеу, кемшіліктерді қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулерді ұйымдастырады, ғимараттың өрт қауіпсіздігінің сақталу жұмыстарын ұйымдастыру;
- заттай дәлелдемелерді алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жоюды ұйымдастыру;
- өзіне тиісті номенклатуралық істерді жүргізу.
Арал ауданы полиция бөлімінің жедел–криминалистика тобының техник- криминалистінің міндеттері:
- тергеу әрекеттеріне, жедел-іздестіру шараларына, оқиға болған жерді тергеуге
криминалист маман ретінде қылмыс оқиғасы болған жерден иіс іздерін бекітіп алуды жүзеге асырады;
- АПБ-нің барлық қызмет салаларынан келіп түсетін қол саусақ іздері мен дактилоскопиялық карталарды Бейне ++ бағдарламасына енгізеді. Трассалогиялық іздердің есебін жүргізіп, ай сайын ОПД-нің ЖКБ-мен салыстырмалы есеп беру жұмыстарын жүзеге асырады;
- бойтасалап жүрген қылмыскерлермен, із түссіз кеткен адамдармен жеке басы анықталмаған мәйіттермен атқарылатын жұмыстардың есебін жүргізеді.
Жалағаш ауданы полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының қару-жарақ қоймасының меңгерушісі әрі қару шеберінің міндеттері:
- АТҚЖ мүлкін қабылдау-тапсырудың өткізілуіне ерекше назар аударуға;
- АТҚЖ мүлкін кезекшілікке түсетін ауысымға тапсырар алдында кезекші ІІО қызметкерлерінің қызмет атқару немесе жедел іс-шараларды орындау кезеңіне алған табельдік қару мен оқ-дәрілерді қабылдауға міндетті;
- есептік құжаттардағы мәліметтер анық жазылған болуы, қару сақтау бөлмесіне және АТҚЖ мүлкіне жүргізілген түгендеуді растайтын құжаттарды білу.