Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымдарға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды.

Қатардағы және кіші басшы құрамы бойынша:

 

-Арал ауданы Полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының полицей - жүргізушісі - 1 бірлік, санаты-С-SV-12 бойынша;

-Жалағаш ауданы Полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы -1 бірлік, санаты-С-SV-12 бойынша;

-ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі кезекші бөлімшесінің полицей - жүргізушісі - 1 бірлік, санаты-С-SV-12 бойынша;

-ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі тылдық қамтамасыз ету тобының полицей - жүргізушісі - 1 бірлік, санаты-С-SV-12 бойынша;

 

Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар:

  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы /әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды/;

Жасы - 35-тен аспаған, бойы - ерлер үшін кемінде 170 см, ал әйелдер үшін 160см;

  • С-SV-12 санаты бойынша кезекші бөлімнің және тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі лауазымына - орта білім, жүргізуші куәлігінің міндетті түрде болуы;
  • С-SV-12 санаты бойынша старшина лауазымына орта білім қажет.

 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 – 30 наурыз аралығында қабылданады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі №18 үй, Кадр саясаты басқармасы №216 қызметтік бөлмесі.

байланыс телефоны 8/72-42-/29-70-47,

электронды мекен-жайы: Ai.sharipova@mvd.gov.kz  

 

ІІО-ры қызметіне кандидаттардың қабылдануы ҚР ІІМ білім ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен соң жүзеге асырылады.

Алғашқы кәсіби даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығындарды (іріктеу жүргізу орнына бару және кері қайту, жол ақысы, медициналық комиссиядан өту, тұрғылықты орынды жалға алу, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы ПД

Кадр саясаты басқармасы

 

 

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі және Арал ауданы Полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобының                          полицейі - жүргізушісінің негізгі міндеттері:

 

  • нұсқау өтетін орынға бекітілген нысанды киімде және өзімен бірге табельдік қару, қызметтік куәлік, борттық журнал, ысқырық, автокөлік жүргізуге құқылы куәлік, жолдама қағаз, техникалық төлқұжаттарын алып келуге және қызмет атқаруға дайын болу;
  • көлік құралының толық жинақтылығын, жұмыс істеуін, тазалығын қадағалау;
  • жол жүру алдында көлік құралының сыртқы пішінін және жүруін тексеру, жол жүргенде оның жай-күйін қадағалау;
  • бекітілген көлік құралын пайдалану бойынша оның құрылымын білу;
  • жол жүру ережесін бұзған жағдайда негізгі жауапкершілік туралы ережесін білу;
  • жолдама қағазын дұрыс толтыру;
  • келесі түсетін ауысымға жанар-жағаймай құйылған, жұмысқа толығымен дайындалған автокөлікті тапсыру;
  • радиоалмасу тәртібін сақтау.

 

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кезекші бөлімшесінің полицейі -жүргізушісінің міндеттері:

 

  • белгіленген құжаттарды өзімен бірге алып жүруге;
  • кезекшілікті тапсырушы қызметкер келесі ауысымның жүргізушісімен бірлесіп автокөлікті қабылдау-тапсыру және анықталған ақауларды арнайы қабылдап-тапсыру кітабына тіркеу және кезекші бөлімнің аға инспекторына баяндау;
  • оқиға орнында кезекші бөлімнің аға инспекторымен байланыста болу;
  • қызметтік автокөлікті үзілді-кесілді қараусыз қалдырмауға.

 

            Жалағаш ауданы полиция бөлімінің тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасының міндеттері:

 

  • ғимараттың қажетті жабдықтарын анықтау, жөндеу, кемшіліктерді қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулерді ұйымдастырады, ғимараттың өрт қауіпсіздігінің сақталу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • заттай дәлелдемелерді алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жоюды ұйымдастыру;
  • өзіне тиісті номенклатуралық істерді жүргізу.

 

 

Дата публикации
20 марта 2021