2020 жылы облыстық бюджеттен берілген қаржыландыру жоспарына сәйкес 252/001 «Облыс аумағындағы қоғамдық тәптіпті және қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына жоспар бойынша 5 147 478,2 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: 011 «Республикалық бюджет есебінен трансферттер» кіші бюджеттік бағдарламасына 194 223,1 мың теңге бөлініп, төленген міндеттемелер 194220,9 мың теңге, орындалуы 100%; 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бюджеттік бағдарламасына 4 953 255,1 мың теңге бөлініп, төленген міндеттемелер 4 953 193,6 мың теңге, орындалуы 99,9% құрады. Үнемделген қаржы 61,5 мың теңге.