
🐕🦺
Для учащихся «Жас сақшы» была организована познавательная экскурсия в Центр кинологической службы.
В ходе встречи ребята познакомились с историей центра, узнали о специфике работы кинологов и важной роли служебных собак в охране общественного порядка и обеспечении безопасности граждан.
🐾 Особый интерес у учащихся вызвала демонстрация служебных собак, во время которой они смогли увидеть их подготовку, выучку и профессиональные навыки.
Экскурсия подарила ребятам яркие впечатления, расширила их знания о работе сотрудников кинологической службы и позволила ближе познакомиться с одной из важных профессий в системе правоохранительных органов.
Такие мероприятия воспитывают у подрастающего поколения чувство ответственности, дисциплину, уважение к профессии защитника правопорядка и любовь к животным!
Қостанай қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ГАЗ және Audi маркалы автокөліктерді заңсыз иеленуге қатысы бар қала тұрғындарының үшеуін анықтады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар алкогольдік масаң күйде болған. Алдымен олар бір автокөлікті заңсыз иеленіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Одан кейін екінші автокөлікті айдап әкеткен.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Полиция автокөлікті заңсыз иелену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесті.
13 қазанда «102» арнасына бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде болған, агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған 39 жастағы ер адамды анықтады.
Қызметтік автокөлікке отырғызу кезінде ер адам полиция қызметкерлерінің бірнеше рет қойған заңды талаптарын орындаудан бас тартып, бағынбаушылық танытты және автокөліктің есігін ашуға әрекет жасады.
Аталған фактілер бойынша ер адамға полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде қоғамдық орында болу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Материалдарды қарау нәтижесінде сот ер адамға әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына орналастырылды.
Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінің заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы кез келген құқыққа қайшы әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Заң мен Тәртіп.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері «Қаз 18 – Қостанай – Мамлютка» автожолына шығаберістегі автотұрақта көлік жүргізушісінің дрифт жасап жүрген видеосын анықтады.
Жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол Рудный қаласының 27 жастағы тұрғыны Богдан Владимирович Фисенко болып шықты.
Тексеру барысында ер адамның қауіпті маневрлер жасап қана қоймай, жол жамылғысын да бүлдіргені анықталды. Сонымен қатар, оның көлік құралдарын басқару құқығы болмаса да, бір жыл ішінде қайтадан рөлге отырғаны белгілі болды.
Бұдан бөлек, жүргізуші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағайындалған айыппұлдардың жалпы сомасы 130 мың теңгені құрады.
Полиция дрифт және жолдағы өзге де қауіпті маневрлер адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін ескертеді. Жол қозғалысына қатысушылар белгіленген талаптарды сақтап, өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі қажет.
Қостанайда ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлеріне «102» арнасы арқылы қаладағы қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына келген полицейлер алкогольдік масаң күйдегі 43 жастағы ер адамды анықтады. Ол қоғамдық тамақтану орнында ыдыс-аяқты сындырған. Полиция қызметкерлерінің мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына бару туралы заңды талабына ер адам бағынбаған.
Сонымен қатар, азамат полиция қызметкеріне бағынбай, дөрекі әрі былапыт сөздер айтқан, агрессивті мінез-құлық танытып, физикалық қарсылық көрсетуге әрекет жасаған.
Аталған факті бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналды.
Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінің заңды талаптары орындау үшін міндетті. Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны және қарсылық көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
АЛҒАШҚЫ ПАТРУЛЬДЕРДЕН ДРОНДАРҒА ДЕЙІН: ІІМ АРДАГЕРЛЕРІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРГЕНІН КӨРДІ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Әкімшілік полиция басқармасында ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті.
Ардагерлер үшін бөлімшеге экскурсия ұйымдастырылып, қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. Қонақтарға заманауи технологиялар мен техникалар: дрондар, құқық бұзушылықтарды тіркеу құралдары, мобильді кешендер және жол полициясының жаңа қызметтік автокөліктері таныстырылды.
Кездесуде ұрпақтар сабақтастығына ерекше мән берілді. Жас қызметкерлер ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған ардагерлермен тікелей тілдесіп, тәжірибе алмасты. Ал ардагерлер өздері бастаған істің бүгінде заманауи технологияларды қолдану арқылы жалғасып жатқанын көрді.
Ардагерлер тәжірибесінен – жаңа технологияларға дейін. Техника мен жұмыс тәсілдері өзгергенімен, заңға қызмет ету, жауапкершілік және мамандыққа деген адалдық өзгермейді.
#ЗаңЖәнеТәртіп #ІІМАрдагерлері #ҰрпақтарСабақтастығы #ҚостанайОблысыныңПолициясы
🧹 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ — БАРШАҒА ОРТАҚ ІС
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қостанай ауданының аумағында заңсыз қоқыс орындарын анықтау және оларды жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Елді мекендердегі қоғамдық орындар мен қоқыс жиналатын аумақтарға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
#ЗаңЖәнеТәртіп #ТазаҚазақстан
ПОЛИЦИЯ 1,9 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ЖОҒАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕДІ
Қостанай облысындағы банктердің бірінде егде жастағы ер адам шетелдік шотқа 1 900 000 теңге аудармақ болған. Банк қызметкерлері клиенттің алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін екенін байқап, бұл туралы полицияға хабарлаған.
Полиция қызметкерлері дереу банкке барып, ақша аударымына жол берді. Ер адам Қостанай облысы Полиция департаментіне жеткізіліп, онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әңгімелесу барысында ер адамның TikTok желісінен автокөлікті 30 пайыздық жеңілдікпен сату туралы хабарландыруды көргені анықталды. Ұсынысқа қызыққан ол белгісіз адамдармен байланысқа шыққан. Кейін алаяқтар онымен WhatsApp арқылы сөйлесіп, түрлі нұсқаулар беріп, ақшаны мүмкіндігінше тез арада аударуға көндірген.
Ер адам полицияда екенін айтқан кезде, алаяқтар оған белсенді түрде хабарлама жібере бастаған. Олар одан дереу полициядан кетіп, ақша аударуды аяқтауды талап еткен. Сондай-ақ автокөлік кеденде тұр деп сендіріп, төлем кешіктірілген жағдайда қиындықтар туындайтынын айтып қорқытуға тырысқан.
Полиция қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шараларының арқасында 1 900 000 теңге сақталды. Полиция азаматтарды күмәнді түрде үлкен жеңілдік ұсынатын тауарлар мен автокөліктер туралы хабарландыруларға сенбеуге, белгісіз адамдардың нұсқауларын орындамауға және бейтаныс шоттарға ақша аудармауға шақырады. Күмән туындаған жағдайда қарым-қатынасты дереу тоқтатып, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.
Бейнебақылау камералары арқылы жүргізушінің көлік құралымен жолдың жүру бөлігінде әдейі дрифт жасағаны анықталды. Маневрлер салдарынан жол жабынында көлік шиналарының іздері қалып, жол жабыны бүлінген.
Полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол Қостанай қаласының 21 жастағы тұрғыны Максим Юрьевич Бугаев болып шықты. Жыл басынан бері ол жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 16 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, бұған дейін ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де бір рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Жол жабынына келтірілген залалдың салдары жойылды.
Полиция ескертеді: жолда қауіпті маневрлер жасау қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Жолдың жүру бөлігінде дрифт жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
«Алматы – Екатеринбург» автожолының 384-шақырымында «ГАЗель» және «Лада Калина» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 2 адам зардап шегіп, 1 адам қаза болды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәлімет бойынша, «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Лада Калина» жеңіл автокөлігімен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.
Істің барысы мен тергелуі бақылауға алынды.
Қостанай облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.
Ұзақ сапарға шығар алдында міндетті түрде ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалыңыз. Егер ұйқышылдық, шаршау немесе зейіннің төмендегенін сезсеңіз, көлік тізгініне отырмаңыз немесе дереу қауіпсіз жерге тоқтап, демалыңыз.
«Қалай болғанда да жетемін» деп жолды жалғастыруға тырыспаңыз. Бірнеше минуттық демалыс сіздің және жолдағы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Есте сақтаңыз: көлік жүргізу кезінде ұйқымен күресуге болмайды. Ұйқысы қанбаған жүргізуші – көлікті басқара алмай қалған жүргізуші сияқты жол қозғалысына қауіп төндіреді.
Өзіңізді және жол қозғалысына қатысушыларды қорғаңыз. Шаршаған күйде көлік тізгініне отырмаңыз!