Қостанай облысының Полиция департаменті автокөлік иелеріне Қостанай қаласы Чкалов көшесін реконструкциялау, жүру бөлігін кеңейту және бағдаршам орнатуға (Абай даңғылы мен Чкалов көшесінің қиылысы) байланысты Абай даңғылы бойынша бұрын орнатылған "Арена" жылдамдық режимін тіркеудің автоматты жүйесінің орналасқан жері қайта қаралғанын (2-көтерілім) хабарлайды.
Қазіргі уақытта Абай даңғылы 281 ауданында (Шипин-Рабочая көшелерінің қиылысында) Автоматты жүйені орнату бойынша барлық қажетті техникалық іс-шаралар жүргізілді.
Осы жылдың 18 қарашасынан бастап жүйе бұзушылықтарды штаттық режимде тіркеуді жүзеге асыра бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес елді мекенде жол берілетін автокөлік қозғалысының жылдамдығы сағатына 60 шақырымды құрайды.
