Қостанайлық полицейлер "Ұрлық" жедел алдын алу шарасы барысында қылмыстық топтарды ұстады

Қостанайлық полицейлер "Ұрлық" жедел алдын алу шарасы барысында қылмыстық топтарды ұстады

Қостанай облысында бұрын жасалған 23 ұрлық, оның ішінде өткен жылдардағы 3 қылмыс ашылды. Қостанай облысының полицейлері ағымдағы жылғы 6-8 қараша аралығында "Ұрлық" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Мәселен, Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында пәтерлерден ұрлық жасаған екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ, Қостанай қаласы, Алтынсарин, Әулиекөл және Сарыкөл аудандарының аумағындағы дүкендерде 8 рет ұрлық жасаған 3 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Бір күдікті қамауға алынды, екеуі кетпеу туралы қағазға қол қойды.
Әулиекөл ауданының ПБ қызметкерлері Қостанай қаласы ПБ Оңтүстік ПБ қызметкерлерімен бірге жеке сектордан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, оған Қостанай қаласы мен Әулиекөл ауданының жеке секторынан 8 ұрлық тағылды.
Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы барысында пәтерлер мен үйлердің тұрғындарымен, дүкен иелерімен, кәсіпорын басшыларымен, автокөлік иелерімен, велосипед иелерімен жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Терезелердегі торлар, дабыл, бейнебақылау және т.б. сияқты қорғаныс құралдарын орнату ұсынылды, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету туралы 1256 хабарлама таратылды.