Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-60-16, факс 8-(7142)-52-61-61, e-mail: odo_dvd kst22@mail.kz ҚР ІІО қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері, ІІМ, ПД бұйрықтары, ПД, ПБ туралы ереже негізінде өз қызметін жүзеге асырады және өз өкілеттігін іске асырады. Көші-қон қызметі бөлімінің және сыртқы көші-қон бөлімінің қызметін жоспарлауды жүзеге асырады. Аталған жоспарларға ұсынымдар жинауды ұйымдастырады, жоспарланған іс-шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді. Лауазымдық еңбекақысы: 226111 – 278088 теңге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – Жоғары: юриспруденция, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері.
Аталған санат бойынша лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті білімі. Тиісті ұйымдастырушылық және басқару дағдысы, жұмыс тәжірибесі төменде көрсетілген талаптардың біріне сай келуі тиіс:
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
3) саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес
Тестілеу бағдарламасына мыналар енгізілген: «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңдарын және әсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
Өтінішке:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, ішкі конкурсты өткізу туралы хабарлама жариялағаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі 197, 419 кабинетке Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына ұсынуы тиіс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып ІІО басшысының кадр қызметіне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады. Конкурстық комиссияның құрамына конкурс өткізетін ІІО кадр, заң қызметтерінің, өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің, құрылымдық бөліністерінің басшылары енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарында жоғары
тұрған басшы лауазымдарға
конкурс өткізу қағидаларына
қосымша
НЫСАН
_________________ бастығы
(ішкі істер органының, ________________________
атағы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Өтініш
Маған __________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.
________________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда))
Байланыс деректері:
жұмыс және ұялы телефон нөмірі: __________________________________________
электрондық мекенжайы __________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________
жұмыс мекенжайы _______________________________________________________
20 ___ жылғы "___" _________