Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-60-93, аттестатталған бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Қостанай облысы Полиция департаменті Қарабалық ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы (С-SVR-5 санаты, атағымайор) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері, ІІМ, ПД бұйрықтары, ПД, ПБ туралы ереже негізінде өз қызметін жүзеге асырады және өз өкілеттігін іске асырады. Көші-қон қызметі бөлімінің және сыртқы көші-қон бөлімінің қызметін жоспарлауды жүзеге асырады. Аталған жоспарларға ұсынымдар жинауды ұйымдастырады, жоспарланған іс-шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді.  

Лауазымдық еңбекақысы: 238440 – 293251 теңге.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – Жоғары: заңгер; халықаралық құқық; құқық қорғау қызметі; құқық және экономика негіздері.

Аталған санат бойынша лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті білімі. Тиісті ұйымдастырушылық және басқару дағдысы, жұмыс тәжірибесі төменде көрсетілген талаптардың біріне сай келуі тиіс:

 

1) құқық қорғау қызметіндегі немесе арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі, не болмаса судья лауазымындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттің жастар кадрлар резервіне тұрған тұлғаларға жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Тестілеу бағдарламасына мыналар енгізілген: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 қарашада № 17724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» №671 бұйрығы негізінде өткізіледі.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

 

Өтінішке:

  • жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);
  • басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (ерікті нысанда);
  • № 998 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - кәсіби құзыреттерді айқындау қағидалары мен әдістері) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 7, 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша орындаушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы немесе басқарушылық лауазымды атқарып отырған ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы;
  • кәсіби құзыреттерді айқындаудың қағидалары мен әдістеріне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы;
  • Қазақстан Республикасы ІІО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда) қоса беріледі.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, қажетті құжаттарды конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі 197, ПД Кадр саясаты басқармасы 415 кабинет, анықтама телефоны: 52-60-93, e-mail: adiya_040114@mvd.gov.kz мекенжайына қолма-қол, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға электрондық түрде ұсынуы тиіс.

Конкурстық комиссияның төрағасы болып ІІО басшысының кадр қызметіне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады. 

Конкурстық комиссияның құрамына конкурс өткізетін ІІО кадр, заң қызметтерінің, өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің, құрылымдық бөліністерінің басшылары енгізіледі.

 

 

 

    

          

Қазақстан Республикасының

ішкі істер органдарында жоғары
тұрған басшы лауазымдарға
конкурс өткізу қағидаларына
қосымша

нысан

_________________ бастығы

(ішкі істер органының, ________________________

атағы, тегі, аты, әкесінің аты

(болған жағдайда)

Өтініш

      Маған __________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға

      конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды

      орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.

      ________________ _________________________________________________

      (қолы)             (тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда))

      Байланыс деректері:

      жұмыс және ұялы телефон нөмірі: __________________________________________

      электрондық мекенжайы __________________________________________________

      тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________

      жұмыс мекенжайы _______________________________________________________

      20 ___ жылғы "___" _________

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-60-93, аттестатталған бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Дата публикации
26 марта 2026