Хабарландыру
жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Қостанай облысы Полиция Департаментінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Полиция Департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ПД бастығының номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ПД аппаратына C-SVО-8 санаты;
- қалалық және аудандық полиция департаменттерінің бөлімшелеріне
C-SVR-7 санаты;
- ОЖВ, ЖҚАЖ С-SN-7 санаты;
- патрульдік полицияның саптық бөлімшелері C-SSP-7 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда ПД облысы Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, каб. № 415, анықтама телефондары 8 (7142) 52-60-93, 52-60-16, 52-60-60, электрондық мекенжайы adiya_040114@mvd.gov.kz.
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Қостанай облысы ПД
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма