Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы.

30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi

      Iшкi iстер органдары:

      1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тiркейдi;

      3-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;

      4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.

31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерінің өкілеттігі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi:

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүргізеді;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы

7-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам азаматтықты жоғалтуды тіркеу үшін ішкі істер органдарына күнтізбелік отыз күн ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы еркін түрде өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі (түпнұсқасы);

      Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін жоғалтқан жағдайда адам жазбаша түсініктеме береді.

      3) шетел мемлекеті азаматының паспортының көшірмесі немесе шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжат;

Дата публикации
04 ноября 2022