Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-60-93, факс 8-(7142)-52-62-90, e-mail: www.gov.kz/memleket аттестатталған бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, нормативтік құқықтық актілері, ІІМ, ПД бұйрықтары, ПД, ПБ туралы ереже негізінде өз қызметін жүзеге асырады және өз өкілеттігін іске асырады. Көші-қон қызметі бөлімінің және сыртқы көші-қон бөлімінің қызметін жоспарлауды жүзеге асырады. Аталған жоспарларға ұсынымдар жинауды ұйымдастырады, жоспарланған іс-шараларды орындауына бақылауды қамтамасыз етеді. Лауазымдық еңбекақысы: 110429 – 148867 теңге.