Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырамыз

Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырамыз.  

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру; 

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақының артуымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

 - арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы, денсауық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды).

Толық ақпаратты алу үшін__8-(7142)-52-60-93__телефоны, e-mail:__ e.muslimov@mvd.gov.kz _электрондық мекенжайы бойынша жүгіну қажет.

 

         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-60-93, факс 8-(7142)-52-62-90, e-mail: www.gov.kz аттестатталған бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды – 29 бірлік:

         Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

Орта басшылық құрам – 23 бірлік:

 

  1. Жедел уәкіл – 2 бірлік:

1) Қостанай қ. ПБ – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-61-61;

       2) Б.Майлин а. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-68.

       Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

       Қылмыстарды ашуды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады.       Жалпы қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және болдырмау бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауап береді.

       Жедел уәкіл қылмыстық құқық бұзушылықтың жай-күйін зерделеуді жүзеге асырады, оның себептері факторларын талдайды. Осынегізде оларды анықтау бойынша шараларды іске асыруды әзірлейді және қамтамасыз етеді, осы жұмысты жетілдіру бойынша бөлімше, бөлім, Басқарма басшылығына ұсыныстар әзірлейді. Уәкілетті органға және атқарушы билікке ақпарат және ұсыныстар даярлайды.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (Заңгер, Құқық қорғау қызметі; Алғашқы әскери даярлық), жасы 35 жастан аспайтын, бойы - 170 см. кем емес, саптық қызметке жарамды, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі.

 

  1. ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы – 5 бірлік:

1) Жітіқара қ. Пб – 2 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93;

2) Лисаков қ. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-68;

3) Мендықара ауданы Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-09;

4) Сарыкөл ауданы Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығы мен бостандығын қорғайтын қылмыстық және басқа да құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау;

Әкімшілік учаскеде белгіленген тәртіпте паспорт жүргізу, онда әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және басқа да әкімшілік учаскенің ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтерді белгіленген тәртіпте көрсету;

Құқыққа қарсы мінез-құлықты тұлғалардың жиналу орындарын және аталған тұлғалар жиналатын пәтерлерді, сонымен қатар қоғамдық тәртіп жиі бұзылатын және қылмыс жасалатын орындарды анықтап, өз құзіреті шеңберінде профилактикалық шаралар қолдану;

Өз құзіреті шеңберінде қылмыстық қол сұғушылықтан, әкімшілік құқық бұзушылықтан және жазатайым жағдайдан жапа шеккен, дәрменсіз немесе басқа өмірге және денсаулыққа қауіпті күйдегі азаматтарға құқықтық, медициналық және басқа да көмек көрсету;

Әкімшілік учаскелерде, әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (Заңгер, Құқық қорғау қызметі, Алғашқы әскери даярлық), 35 жастан аспайтын, бойы - 170 см кем емес, саптық қызметке жарамды, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі.

 

  1. ЖПҚ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі – 1 бірлік:

1) Рудный қ. ПБ – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-09.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығы мен бостандығын қорғайтын қылмыстық және басқа да құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау;

Әкімшілік учаскеде белгіленген тәртіпте паспорт жүргізу, онда әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және басқа да әкімшілік учаскенің ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтерді белгіленген тәртіпте көрсету;

Құқыққа қарсы мінез-құлықты тұлғалардың жиналу орындарын және аталған тұлғалар жиналатын пәтерлерді, сонымен қатар қоғамдық тәртіп жиі бұзылатын және қылмыс жасалатын орындарды анықтап, өз құзіреті шеңберінде профилактикалық шаралар қолдану; кісіби қызметтік және дене даярлығы түрлері бойынша өткізілетін сабақтарға қатысады және оқу материалдарының конспектісін жазады.

Әкімшілік учаскелерде, әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары немесе орта білімнен кейінгі (Заңгер, Құқық қорғау қызметі, Алғашқы әскери даярлық), 35 жастан аспайтын, бойы - 170 см кем емес, саптық қызметке жарамды, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

  1. ЖПҚ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы – 2 бірлік:

1) Жітіқара қ. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93;

2) Қарабалық ауданы Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93; 52-62-48.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Жағдайы қолайсыз және көпбалалы отбасылардың, сонымен қатар мектеп есебінде тұрған жасөспірімдердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу;

Оқудан әдейі жалтарып жүрген, қылмыстық жауапкершілік жасы жеткенге дейін қылмыс жасаған жасөспірімдердің құқығын қорғау және кәмелетке толмағандар комиссиясына немесе сотқа материалдар әзірленеді;

Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды қорғаншылық мен қамқоршылық  органдарына орналастыруға материалдар әзірлейді;

Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу іс-шаралар және рейдтер өткізуге қатысады; спирттік ішімдіктер және басқа да психотроптық заттарды тұтынуға жол беретін кәмелетке толмағандарды   анықтайды, әлеуметтік педагогпен, сынып жетекшімен, денсаулық сақтау қызметкерімен бірлесіп жағдайы қолайсыз отбасыларға, «қауіп тобындағы» отбасыларға баруды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (Заңгер, Педагогика және психология; Дене шынықтыру және спорт), жасы 35 жастан жоғары емес, бойы - 170 см кем емес, саптық қызметке жарамды, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі. Қыздардың бойы 165 см кем болмауы керек.

 

  1. Жол және техникалық инспекция тобының инспекторы – 5 бірлік:

       1) Лисаков қ. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-68;

       2) Жітіқара қ. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93;

3) Әулиекөл а. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-09;

4) Денисов а. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93;

5) Сарыкөл а. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарды орындауы мәселелері бойынша ұсыныстар дайындайды.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарайды.

Автомобиль жолдары мен теміржол өтпелеріне қадағалау істерін қалыптастырады.

Әкімшілік полиция бөліністерінің жұмыстары нәтижесін талдауды, олардың тиімділігін жетілдіру және арттыру бойынша шаралар әзірлеуді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары (Заңгер, Құқық қорғау қызметі; Алғашқы әскери даярлық), жасы 35 жастан аспайтын, бойы - 170 см. кем емес, саптық қызметке жарамды, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

  1. Патрульдік полиция қызмет инспекторы – 8 бірлік:

1) Қостанай қ. ПБ – 2 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-61-61;

2) Рудный қ. ПБ – 2 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-09;

3) Жітіқара қ. Пб – 3 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93;

4) Қарабалық а. Пб – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-62-48.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Қоғамдық тәртіпті күзетуді және жол қозғалысын қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу және азаматтардың оларды бұзбауын талап ету;

Көшелерде, алаңдарда, көлік және жаяу жүргіншілер көп жүретін орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында, көлік магитральдарында және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен жол қозғалысын қамтамасыз ету;

Адамдар мен азаматтардың құқығы мен бостандығын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау, олар жүгінген жағдайда құқық бұзушылық және құқық бұзушыларды ұстау, куәгерлерді анықтау және оқиға орнын күзету бойынша шаралар қабылдау;

Қылмыстан, әкімшілік құқық бұзушылықтан, жол-көлік оқиғасынан (бұдан әрі ЖКО) немесе жазатайым  жағдайлардан жапа шеккен, сонымен қатар дәрменсіз немесе денсаулық пен өмірге қауіпті басқа да жағдайдағы азаматтарға көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – жоғары немесе орта білімнен кейінгі (Заңгер, Құқық қорғау қызметі; Халықаралық құқық, Тасымалдауды, көлік қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру, Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Құқықтану, Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару), жасы 35 жастан аспайтын, бойы – 170 см. кем емес, «В,С» және «В1,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы (Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі құпталады).

 

Кіші басшылық құрам – 6 бірлік:

 

  1. Ғимаратты күзету жөніндегі полицей – 1 бірлік:

1) Рудный қ. ПБ – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-63-09.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Рұқсат беру режимін қамтамасыз етеді, әкімшілік ғимаратқа бөтен тұлғалардың кіруіне,  материалдық құндылықтарды рұқсатсыз кіргізуге (шығаруға) жол бермейді.

Орталық аппарат қызметкерлерінің, оның ішінде күзет бекетінен өтетін ПД дербес басқармалары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін тексеру.

Режимдік үй-жайлардың кілттері салынған, мөр қойылған қораптарды сақтауға режимдік үй-жайларды  күзетуге қабылдау (тапсыру) журналына қол қойғызып қабылдау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – орта білімнен төмен емес, жасы 35 жастан жоғары емес, бойы - 170 см кем емес, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

  1. Полицей – жүргізуші – 2 бірлік:
  • ПД облысы ТЖБ – 2 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93.

Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Полицей-жүргізуші, өзіне бекітілген автокөлікті ұқыпты ұстау, жол қозғалысы және қауіпсіздігін зерделеу және білу;

Жүретін бағытты және оның ерекшелігін,  бағыт бойынша жылдамдық ережелерін білу және зерделеу;

Бағыт бойынша қозғалыс жылдамдығы туралы ЖТТ жауапты тұлғасының нұсқауын дәл орындау, оның нұсқауы немесе  дабылы бойынша автокөлікті тоқтату;

Автокөлік ішінің санитарлық жағдайын және оның сыртқы келбетін бақылау;

Бекітілген автокөлікке, әр №1 ТҚ, №2 ТҚ және ұсақ жөндеу бойынша қажетті техникалық күтімін уақытылы жүзеге асыру.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – орта білімнен төмен емес, «В,С» санатты жүргізуші куәлігінің болуы, жасы 35 жастан жоғары емес, бойы - 170 см кем емес, саптық қызметке жарамды, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

  1. ППБ Полицей-кинологы – 1 бірлік:

          1) Қостанай қ. ПБ – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-61-61.

 Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

          Өзіне бекітілген қызметтік итпен тікелей жұмыс істейді, оны күтуге жауапты болады, тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны қылмысқа қарсы күресте қолданады; барлық жағдайда (қылмыстың жасалу мерзіміне және олардың сипатына қарамастан) кез келген ауа райы жағдайында қызметтік итпен жедел топ құрамында оқиға болған жерге және жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру бойынша операцияларға шығады. Оқиға орынында соңына дейін болады және жедел топтың басқа қатысушыларымен бірге жасалған қылмыстың мән жайын анықтайды, заттай дәлелдемелер табу, қылмыскерлерді іздестіру және ұстау мақсатында қызметтік итті қолдану мүмкіндігін іздейді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – орта білімнен төмен емес, жасы 35 жастан жоғары емес, бойы - 170 см кем емес, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

  1. ППБ Полицей-кавалерист – 1 бірлік:

   1) Қостанай қ. ПБ – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-61-61.

 Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

Қызмет өткеру кезінде азаматтармен сыпайы және әдепті болуға, оларға «Сіз» деп жүгінуге, өз талаптары мен ескертулерін анық және түсінікті нысанда баяндауға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын даулар мен әрекеттерге жол бермеу. Азаматқа жүгінген кезде өзін таныстыруға, өзінің лауазымын, атағын және тегін айтуға (бұл ретте қол алысуға тыйым салынады) одан кейін жүгіну себебін, көлік құралын тоқтату мақсатын қысқаша хабарлауға, бұл ретте жүргізушілерге басқа көлік құралдары үшін амалсыздан кедергі жасауды болдырмау үшін (шұғыл тежеуді, маневр жасауды қолдану қажеттілігі) сигналдар уақытыл берілуі тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған кезде құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған құқықтарын түсіндіру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – орта білімнен төмен емес, жасы 35 жастан жоғары емес, бойы - 170 см кем емес, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

  1. КПб кіші жедел уәкілі – 1 единица:

          1) Қостанай қ. ПБ – 1 бірлік, анықтама телефондары (7142) 52-60-93, 52-61-61.

 Лауазымдық нұсқаулықтардың негізгі талаптары:

ҚР ҚПК ережелеріне сәйкес сотқа дейінгі органның, тергеушінің жеке тапсырмасы  бойынша жүзеге асырылатын жеке тергеудің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып мүліктік қылмыстарды ұрлаудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық және жедел-іздеу іс-шараларын жүргізеді. Қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу мақсатында ІІО жедел бөліністерімен және ҚР басқа да жедел-іздестіру субъектілерімен қарым-қатынас жасап, халық көп жиналған бұқаралық орындарда жедел қызмет көрсетуді, жедел-іздестіру және іздеу іс-шараларын жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі – орта білімнен төмен емес, жасы 35 жастан жоғары емес, бойы - 170 см кем емес, Қарулы күштер қатарында қызмет өткеруі міндетті.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 11000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі 197, ПД Кадр жұмысы басқармасы 412 кабинет, анықтама телефоны: 52-60-93, e-mail: МVD.gov.kz

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Пб кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды:

1) Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

2) Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Пб қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куә лігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

13) өзіне және жұбайының кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру анықтамасы екі данады.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының , басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.           Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. 

            Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрамына жұмысқа шақырамыз
Дата публикации
31 мая 2021