Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы 2020 жылдың 12 айында
ПД-ның жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері туралы
Ақпарат
Полиция департаментімен 237 қылмыстық құқық бұзушылықты, оның ішінде 109 есірткі қылмысын анықтады.
Анықталған өткізу фактілерінің саны 81 құрады.
Заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 476 кг 317 г құрады.
Заңсыз айналымнан 291 гр синтетикалық есірткі тәркіленді, яғни 2019 жылмен салыстырғанда 282 гр артық.
Есірткі бизнесі саласындағы 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды.
Ұйымдастырушы мен қатысушыларға қатысты ҰҚТ құрғаны және оған басшылық еткені үшін (ҚР ҚК 262-б.), сондай-ақ олардың құрамында есірткі сатқаны үшін 1 (ҚК 297-б. 4-б.) қылмыстық іс қозғалды.
Есірткі заттарды аса ірі мөлшерде сақтаудың 10 фактісі анықталды (ҚК 296-б.4-б.).
Есірткі контрабандасының 14 фактісі анықталды.
Ағымдағы кезеңде синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына байланысты 53 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 17 өткізу, 4 сақтау, 32 теріс қылық.
2020 жылдың 12 айында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контенттері бар 203 сайт, аккаунт және басқа ресурстар анықталып, бұғатталды. Бұл мәліметтер "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде бұғаттау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіледі.
Қоғамдық есірткігі қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 120 түрлі алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.
Акциялар – 6, семинарлар – 4, дәрістер – 41, дөңгелек үстелдер – 7, кездесулер – 39, спорттық жарыстар мен турнирлер – 17, конкурстар - 6.
Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара іс – қимылда 76 іс-шара өткізілді, оның ішінде мектеп полиция инспекторларымен бірлесіп білім беру объектілерінде – 67, ЖОО-да - 9.
Аталған іс-шараларды өткізу барысында жасөспірімдер мен жастардың жалпы қамтылуы 3685 адамды құрады.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың саны 1824-ті құрады, оның ішінде әйелдер-179, кәмелетке толмағандар-7.