GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
21 октября 2026
Қарағанды облысында бұрынғы жұмыс берушілерін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді

Қарағанды облысында бұрынғы жұмыс берушілерін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында ірі көлемдегі ұрлық жасады деп айыпталған 35 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Жаз мезгілінде ер адам жергілікті сауда орындарының бірінде уақытша жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Жұмыс барысында, соның ішінде тоңазытқыш жабдықтарын тасымалдау және орнату кезінде ол қымбат радиаторларға назар аударып, мобильді қосымшалар арқылы олардың нарықтық бағасын зерттеген. Ақша қажет болған кезде күдікті нысанның күзет жүйесі мен ішкі жоспарлануы туралы білгендерін пайдалануды ұйғарған. Қоймаға ешкімге байқатпай кірген ол тоңазытқыш қондырғыларының қосалқы бөлшектерімен қатар, өзге де ірі және ұсақ-түйек мүлікті ұрлаған. Атап айтқанда, теледидар, рюмкалардың үш қорабы, вискиге арналған бокалдар, тәрелкелер, асүй оқтауы және 10 метр ескі мата ұрланған. Кәсіп иелеріне келтірілген жалпы шығын шамамен 500 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта полиция дәлелдемелер жинауды аяқтады. Айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
Жедел-криминалистикалық қызмет
Жедел басқару орталығы
20 октября 2026
Қылмыстық «тандем»: Қарағандыда бөтен велосипедтерді ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды

Қылмыстық «тандем»: Қарағандыда бөтен велосипедтерді ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды. Қарағанды қаласында Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері екі дөңгелекті көлік құралдарын ұрлауға қатысты бірқатар қылмыстың бетін ашты. Бар болғаны бес күн ішінде үш қала тұрғыны ұрылардың құрбаны болып, келтірілген жалпы материалдық шығын 300 мың теңгеден асты. Жәбірленушілерден арыздар түскеннен кейін жедел қызметкерлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында күдіктілердің ізіне түсу мүмкін болды. Ұсталғандар — жергілікті тұрғындар, 33 жастағы ер адам мен оның 29 жастағы серігі. Анықталғандай, күдіктілер айлаға жүгінген. Олар бірге жүріп, жанында велосипедті жетектеп келе жатқан жұп ешкімнің күдігін тудырмайды әрі өтіп бара жатқан адамдар мен полицияның назарын аудармайды деп ойлаған. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері «қылмыстық тандемнің» қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қарағанды қаласының полициясы тұрғындарға велосипедтерді, самокаттарды және балалар арбаларын кіреберістерде немесе дүкендердің маңында қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ сенімді ұрлыққа қарсы құлыптарды пайдалануға және бейнебақылау камераларының болуына ғана сеніп қалмауға шақырады.

Әкімшілік полиция
Тергеу және анықтау
20 октября 2026
Қарағанды облысында Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегіне бөтелке тиіп, зақым келді

Қарағанды облысында Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегіне бөтелке тиіп, зақым келді. 16 қазанда полицияға 24 жастағы ер адам жүгініп, Астана – Алматы автожолының Балқаш пен Приозерск қалалары арасындағы учаскесінде өзіне тиесілі Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегі зақымданғанын хабарлаған. Оның айтуынша, жолда өзімен бір бағытта келе жатқан Lada Priora автокөлігінен лақтырылған бөтелке Kia көлігінің алдыңғы әйнегіне тиіп, оны зақымдаған. Аталған дерек бойынша полицияда тиісті материал тіркелді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі — Балқаш қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам оқиғаның өз нұсқасын баяндап, заттың көлік дөңгелегінің астынан ұшып шығуы мүмкін екенін болжаған. Сонымен қатар ол көлік терезесінен қандай да бір зат лақтырғанын жоққа шығарды. Осы факт бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Криминалдық полиция
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
19 октября 2026
Қарағанды полицейлері мен такси жүргізушісі алаяқтық схеманың жолын кесті: зейнеткердің 3 миллион теңгесі өзінде қалды

Қарағанды полицейлері мен такси жүргізушісі алаяқтық схеманың жолын кесті: зейнеткердің 3 миллион теңгесі өзінде қалды. Қарағанды қаласы Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың жолы кесілді. Қаскөйлер 68 жастағы ауыл тұрғынынан 3 миллион теңгені жымқыруға шақ қалды. Алайда полицейлердің қырағылығы мен такси жүргізушісінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында зейнеткер қаражатын сақтап қалды. Өкінішке қарай, бүгінде жиі кездесетін бұл оқиға әдеттегі телефон қоңырауынан басталған. Белгісіз адамдар өздерін жәбірленушінің бұрынғы әріптестері ретінде таныстырып, оның бойында алаңдаушылық тудырған. Олар шоттарын шұғыл түрде «тексеруден өткізу» қажеттігін айтып, әйелді асықтырған. Кейін алаяқтар WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шыққан. Өзін банктердің бірінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған «Марат» есімді адам әйелді алдап, қаражатын қорғау сылтауымен оның сеніміне кірген. Осылайша, алаяқтар егде жастағы әйелдің қорқынышы мен қаржылық білімінің жеткіліксіздігін пайдаланып, оның «Bereke Bank»-тегі депозитінде 3 миллион теңге бар екенін білген. Алаяққа сеніп қалған зейнеткер оның барлық нұсқауын орындап, депозиттегі ақшасын түгелдей қолма-қол шешіп алған. Бұдан кейін оған ақшаны қалааралық такси арқылы Алматыға жеткізу тапсырылған. Осы мақсатта әйел сауда үйіне қарай бет алған. Алайда дәл осы сәтте алаяқтардың жоспарын бұзған күтпеген жағдай орын алды. Такси жүргізушісі күмәнді әрекеттерді байқап, полицияға хабарласып, өзінің күдігін және жолаушының баратын мекенжайын жеткізген. Криминалдық полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, алаяқтық схеманың келесі кезеңіне тосқауыл қойды. Нәтижесінде зейнеткердің ақшасы сақталып, оған материалдық шығын келтірілген жоқ. Бұл оқиға интернет-алаяқтардың алдау тәсілдері барған сайын күрделене түсіп жатқанын және әрдайым сақ болудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді. Әсіресе, егде жастағы адамдарға ерекше көңіл бөліп, оларды алаяқтардың айла-тәсілдерінен сақтандыру қажет. Полицейлер банктердің, құқық қорғау органдарының немесе жұмыс берушілердің шынайы қызметкерлері мессенджерлер арқылы хабарласып, ақша аударуды не қолма-қол ақшаны біреуге беруді талап етпейтінін ескертеді. Банк шоттары мен депозиттерге қатысты мәліметтер, сондай-ақ SMS арқылы келетін растау кодтары — құпия ақпарат. Оларды бөгде адамдарға беруге болмайды. Алаяқтық фактілерінің жиілеуіне байланысты Қарағанды облысының Полиция департаменті тұрғындарды күмәнді қоңырауларды дереу тоқтатуға, алаяқтардың арбауына түспеуге және алдау әрекеттері туралы 102 нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жедел хабарлауға шақырады. Сонымен қатар полиция азаматтарға егде жастағы туыстарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, телефон арқылы және интернетте қарым-қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің маңыздылығын еске салады.

Криминалдық полиция
Тергеу және анықтау
16 октября 2026
Қымбат смартфон көзден ғайып болды: Қарағандыда ұрлық ашылды

Қымбат смартфон көзден ғайып болды: Қарағандыда ұрлық ашылды. Қарағандыда 500 мың теңгелік смартфон ұрлаған күдікті ұсталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген танысы болып шықты. Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны үшін таныстарымен бірге өткізген кеш күтпеген шығынмен аяқталды. Ер адам құны жарты миллион теңге болатын смартфонынан айырылған. Полиция мәліметінше, пәтер иесі жақында сатып алған қымбат телефонын қонағына көрсетіп, кейін сөреге қалдырған. Алайда таңертең оянғанда смартфонның да, қонағының да жоқ екенін байқаған. Телефонын таба алмаған ер адам полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол жәбірленушінің көрші үйінде тұратын 43 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс бойынша дәлелдемелер жинақталуда.

Көші-қон қызметі
Жергілікті полиция қызметі
15 октября 2026
Қарағанды облысында полицейлер құжатсыз бала тәрбиелеп отырған шетелдік азаматшаны анықтады

Қарағанды облысында полицейлер құжатсыз бала тәрбиелеп отырған шетелдік азаматшаны анықтады. Қарағанды облысының шалғай ауылдарының бірінде «Қауіпсіз үй» және «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзу дерегін анықтады. Үй-үйді аралау кезінде тәртіп сақшылары көрші елдердің бірінің 24 жастағы азаматшасын анықтады. Ол бірге тұратын азаматының үйінде тұрған. Құжаттарды тексеру барысында шетелдік азаматшаның Қазақстан Республикасында болу мерзімі аяқталғаны, ал оның ұзартылғанын растайтын белгі жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың бір жасар қызы бар екені анықталды. Алайда осы уақытқа дейін балаға туу туралы куәлік ресімделмеген. Анасының қолында қыздың құжаттарынан тек перзентханадан берілген медициналық анықтама болған. Белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін он тәуліктен астам уақыт бойы елден шығудан жалтарғаны үшін шетелдік азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары тиісті процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар полицейлер баланың құжаттарын ресімдеу мәселесін бақылауға алды. Бұл қыздың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Қарағанды облысының Полиция департаменті ведомствоның басым міндеттері көші-қон заңнамасының сақталуын бақылаумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Балалардың, әсіресе осал жағдайда қалған бүлдіршіндердің құқықтарын қорғау да маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Бұл жағдай ересектермен қатар, жаңа туған нәрестелердің де құжаттарын уақытылы ресімдеудің маңыздылығын еске салады.

Әкімшілік полиция
15 октября 2026
Қарағандыда той кортежінің қатысушыларына айыппұл салынды: автотұрақта отшашу атылып, қауіпті маневрлер жасалған

Қарағандыда той кортежінің қатысушыларына айыппұл салынды: автотұрақта отшашу атылып, қауіпті маневрлер жасалған. Қарағандыда тойды дүркіретіп атап өту жүргізушілер үшін әкімшілік айыппұлдармен аяқталды. Құқық бұзушылықтар түсірілген бейнежазбалар жергілікті әлеуметтік желілерде жылдам тарады. Кадрларда той кортежіне қатысқан кейбір жүргізушілердің қауіпті маневрлер жасағаны және «Global City» сауда-ойын-сауық орталығының автотұрағында отшашу атқаны көрінеді. Қарағанды облысының полиция қызметкерлері жарияланымға жедел ден қойды. Бейнежазбадағы барлық азаматтың жеке басы анықталып, жол жүрісі қағидаларын елемегені және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті полиция қызметі
14 октября 2026
Даланың экологиялық «өнімі»: Өсімдік қалдықтарын заңсыз төккен жүргізушіге айыппұл салынды

Даланың экологиялық «өнімі»: Өсімдік қалдықтарын заңсыз төккен жүргізушіге айыппұл салынды. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы полиция қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында экологиялық талаптарды өрескел бұзу дерегі анықталды. Аудан аумағындағы далада табиғатты қорғау нормаларын елемей, тамыржемісті дақылдардың мол көлемдегі сабақтары мен жапырақтарын заңсыз төгіп жатқан 62 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісі анықталды. Полиция қызметкерлері бұл әрекетті тіркеп, ауыл тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жүргізушіге қомақты айыппұл салынды, ал қалдықтарды тасымалдау және кейіннен төгу үшін пайдаланылған көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Қолданылған санкциялардан бөлек, құқық бұзушыға өзі төккен стихиялық қоқыс үйіндісін дереу жою туралы нұсқама берілді. Бұл талап қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге және аумақтың одан әрі ластануына жол бермеуге бағытталған. Аталған оқиға қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын және мұндай заңға қайшы әрекеттерге жол берілмейтінін тағы бір мәрте еске салады. Аудан полициясы осындай экологиялық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында профилактикалық жұмыстар мен рейдтерді жалғастыруда.

Көші-қон қызметі
Экстремизмге қарсы іс-қимыл
14 октября 2026
Қарағанды облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған фермер ұсталды

Қарағанды облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған фермер ұсталды. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында полицейлер шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тарту дерегін анықтады. Заң бұзушылық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында белгілі болды. Полиция қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тексеру жүргізіп, көші-қон заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады. Аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Әкімшілік полиция
14 октября 2026
Қарағандыда мас күйде автобус басқарған жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін

Қарағандыда мас күйде автобус басқарған жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Қарағандыда полиция қызметкерлері жолаушылар автобусын мас күйде басқарған жүргізушіні анықтады. Құқық бұзушылық жаяу жүргіншіге жол бермеу дерегі бойынша тексеру кезінде белгілі болды. Назарбаев даңғылында патрульдеу кезінде полицейлер № 29 бағытта қатынайтын Dong Feng маркалы автобустың реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адамға жол бермегенін байқаған. Көлік тоқтатылып, жүргізуші тексерілді. Тексеру барысында 41 жастағы жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалып, медициналық куәландыру нәтижесінде оның мас күйде болғаны расталды. Анықталғандай, жүргізуші соңғы аялдамада жолаушыларды түсіргеннен кейін де бағыт бойынша қозғалысын жалғастырған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Полиция мас күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін елеулі қауіп екенін ескертеді. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзге адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы