
Балалар лагерлерінің қауіпсіздігі жүйелі тәсілді қажет етеді
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Үкімет отырысында бүгінгі күні балалар лагерлері міндетті қорғалуға жататын объектілердің аумақтық тізбелеріне енгізілмегенін атап өтті. Осыған байланысты олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты критерийлері жоқ. ІІМ басшысы Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктердің осы тізбелерге Үкіметтің 2021 жылғы №234 қаулысына сәйкес тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
ІІМ өз кезегінде лагерь қызметкерлерін тексеруді, учаскелік инспекторларды бекітуді және балаларды тасымалдауда сүйемелдеуді қамтамасыз етуге дайын екендігін жеткізді.