
Теміртауда полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты
Теміртау қаласының Ескіқалалық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызбен жүгінді. Оның айтуынша, бір күн бұрын кешкісінде мешіт дәлізіндегі үстелден ұялы телефонын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы темиртаулықты анықталып, ұсталды. Ер адам өз кінәсін мойындап, ұрланған затты қайтарды. Бөтеннің мүлікін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аясында полиция қызметкерлері күдіктінің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексереді.