Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашты Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/temirtau-qalasynyng-politsejleri-kisi-olimine-qatysty-qalmysty-ashty/

Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашты  Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/temirtau-qalasynyng-politsejleri-kisi-olimine-qatysty-qalmysty-ashty/

Тәулікке жеткізбей Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында “Арселор Миттал Теміртау ” АҚ комбинатынан 200 м. құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын ізтүссіз жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.