
«Динамоның» 100 жылдығына арналған мергендер сайысы өтті
Қарағандыда «Динамо» дене шынықтыру қоғамының 100 жылдығына орай тапаншадан ату жарысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің әртүрлі қызметтері мен аумақтық бөлімшелерінен 11 команда қатысып, әрқайсысы үш қызметкерден жасақталды.
Жарыс барысында қатысушылар әртүрлі қашықтықтар мен ату қалыптарында өз мергендіктерін сынап, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Тартысты бәсекенің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Мәселен, командалық есепте бірінші орынды Облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы (АЖДБ) қанжығаларына байласа, екінші және үшінші орынды арнайы бөліністер өзара бөлісті. Жеке біріншілік нәтижелері: ПМ-1 жаттығуы (әйелдер арасында): 1-орын: Айсауле Жеңісқызы (Қарағанды қаласы ПБ), 2-орын: Гүлжахан Сапарова (Теміртау қаласы ПБ), 3-орын: Меруерт Рымова (ЖҚББ) және Галина Ломайкина (Теміртау қаласы ПБ) ПМ-3 жаттығуы: 1-орын: Мадияр Алменов (АЖДБ),2-орын: Еркебұлан Камиев (Оқу-жаттығу взводы), 3-орын: Нұржан Сағадиев (АЖДБ) ПМ-4 жаттығуы: 1-орын: Айбар Қойшыбаев (ЖҚАЖ), 2-орын: Мадияр Алменов (АЖДБ),3-орын: Руслан Ғабидулин (Теміртау қаласы ПБ) Бұл жарыс полицейлердің кәсіптік дайындық деңгейін арттырумен қатар, командалық рухты нығайтуға және мергендік шеберлікті дамытуға ықпал етті. «Динамо» мерекесіне арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.