Қарағанды облысында "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Қарағанды облысында "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Қарағанды облысында "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде
Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Операцияның алғашқы күнінде 100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Құрылыс алаңдарында, жатақханаларда және зауыттарда жүргізілген рейдтер барысында заңсыз еңбек қызметі мен шетелдік азаматтардың елде болу ережелерін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласында Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үй кешенінің құрылысында рұқсатсыз жұмыс істеген Тәжікстанның 39 азаматы ұсталды. Сонымен қатар, Астана қаласының азаматшасы Қытай азаматы үшін визаны қолдан жасап бергені анықталды. Бұл факті бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2025 жылдың басынан бері сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 90 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар тек жедел алдын алу іс-шарасы аясында ғана емес, тұрақты негізде жүргізілуде.