Қарағанды облысында мереке күндері қауіпсіздік күшейтілді

Қарағанды облысында мереке күндері қауіпсіздік күшейтілді

Қарағанды облысында мереке күндері қауіпсіздік күшейтілді
Қарағанды облысында мереке күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды. Қызмет барысында барлығы 1032 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 825 жағдай – жол қозғалысы ережелерін бұзу, ал 207-і – қоғамдық тәртіпке қатысты заң бұзушылықтар. Полицейлер жалған нөмірлі көлік жүргізу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және мас күйде рөлге отыру деректерін болдырмауға ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар, жедел шаралардың нәтижесінде бутиктердің бірінен ұялы телефон ұрлығы ашылып, күдікті ұсталды. Бұл азаматтардың мүлкін қорғаудағы полиция жұмысының тиімділігін көрсетті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты патрульдік полиция облыстық және республикалық жолдарды уақытша жапты. Бұл шара мыңнан астам автокөлік пен олардың жолаушыларын қар құрсауында қалудан сақтап қалуға мүмкіндік берді. Өңірде барлығы 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Негізінен, бұл қар үйінділеріне соқтығысу жағдайлары. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.