Нәзік жанды полицейлер спортта бақ сынады

Нәзік жанды полицейлер спортта бақ сынады

Нәзік жанды полицейлер спортта бақ сынады
Қарағанды облысы Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде қызмет ететін нәзік жанды тәртіп сақшылары Халықаралық әйелдер күні қарсаңында спорттық сайыста бақ сынады. 8 наурыз мерекесіне орай «Динамо» спорт қоғамында көпсайыс турнирі ұйымдастырылып, оған он бір команда қатысты. Турнир полицияда еңбек ететін арулардың спорттық шеберлігі мен жігерін паш еткен жарқын іс-шараға айналды.
Қатысушылар үш спорт түрі бойынша сынға түсті: кроссфит, үстел теннисі және ату.
Кроссфитте Айгерім Асан (Орталық ПБ) үздік шықса, күміс жүлдені Гүлдана Салихова (Шахтинск), қола жүлдені Мадина Нұрбекова (Абай қ.) иеленді.
Үстел теннисінде Саягүл Қамзина (Шығыс ПБ) жеңімпаз атанды. Екінші орын Анар Ариноваға (Шахтинск), үшінші орын Альвина Булецаға (Михайлов ПБ) бұйырды.
Ату сайысында Зарина Рахат (Оңтүстік-Шығыс ПБ) мергендігімен ерекшеленді. Одан кейінгі орындарды Гүлжахан Сапарова (Шығыс ПБ) мен Маржан Қожахметова (Орталық ПБ) өзара бөлісті.
Командалық есепте:
I орын – Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімі
II орын – Орталық ПБ командасы
III орын – Шахтинск қаласының ПБ командасы.
Турнир Қарағанды облысы полициясының нәзік жанды қызметкерлерінің тек қызметте ғана емес, спортта да жоғары дайындық деңгейіне ие екенін дәлелдеді. Бұл шара әйелдер күш-қайратының, табандылығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі болды.