Қарағандылық азамат бұрынғы сүйіктісінің сейфін тонап кетті

Қарағандылық азамат бұрынғы сүйіктісінің сейфін тонап кетті

Қарағандылық азамат бұрынғы сүйіктісінің сейфін тонап кетті
Қарағанды қаласының тұрғыны полицияға үйінен қымбат мүлік ұрланғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның пәтерінен электр самокатын, сейфінен зергерлік бұйымдар мен ноутбукты қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 15 миллион 300 мың теңгеге бағаланды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің таныстарын тексеріп, күдікті туралы ақпарат алды. Әйел сипаттама бойынша бұрынғы күйеуін таныды. 34 жастағы қарағандылық азамат полицияға берген түсініктемесінде жәбірленушінің үйіне ол жоқ кезде бірнеше рет кіргенін және мүлікті «әділ бөлісу» мақсатында алғанын айтты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.