
Қарағанды облысында ауыл тұрғынының ұрлығы ашылды
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында полиция қызметкерлері ұрлық қылмысын ашты.
Жергілікті тұрғынның күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйінен электр ара, бұрғы және пластик құбырларды дәнекерлеуге арналған үтік ұрланған. Жәбірленуші келтірілген шығынды 100 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 50 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, одан ұрланған заттарды тәркіледі. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.