Қарағандыда өзгенің атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Қарағандыда өзгенің атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Қарағандыда өзгенің атына несие рәсімдеген күдікті ұсталды.
Қаңтар айының соңында Қарағанды қаласының 53 жастағы тұрғынына шағын несие беру ұйымынан қоңырау түсіп, оның 300 мың теңге қарызы бар екені туралы хабарланған. Жәбірленуші полицияға арызданып, өзінің ақшасы өзіне жететінін және ешқандай несие беру ұйымынан несие рәсімдемегені туралы шағым түсірген. Киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері аталған дерек бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп, осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белглі болғандай, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, соның атынан несие рәсімдеп жібергені анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша іс қозғалып, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.