Қарағандылық полицейлер аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады

Қарағандылық полицейлер аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады

Қарағандылық полицейлер аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады.
Октябрь полиция бөліміне жүк көлігінің иесі арызбен шағымданған. 37 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны полицияға Қарағанды қаласындағы шағын аудандардың бірінің маңындағы автотұрақта тұрған жүк көлігінен белгісіз біреулер екі аккумуляторын ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел –алдын алу іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 54 жастағы азамат ұсталып, қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тәртіп сақшыларымен айғақ зат тәркіленіп, аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.