Қарағандылықтардан жалпы құны 5 миллион теңге қолды қылған «заңгер» ұсталды

Қарағандылықтардан жалпы құны 5 миллион теңге қолды қылған «заңгер» ұсталды

Қарағандылықтардан жалпы құны 5 миллион теңге қолды қылған «заңгер» ұсталды.
Қарағанды облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан алаяқтық әрекеттер бойынша ескертулеріне қарамастан, азаматтар интернет алаяқтарының құрбаны болуда.
Мәселен, 32 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны «Инстаграмм» әлеуметтік желісі арқылы заңгерлік көмек көрсету туралы хабарлама жариялаған. 41 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны аталған хабарлама бойынша кеңес аламын деп оған 3 миллион теңге көлемінде ақша аударған. Кейін, алаяқтың құрбаны болғанын сезген соң полицияға арызданған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру кезінде тағы да екі жәбірленушіні анықтады. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы өзге біреулерден кеңес немесе зат аларда аса сақтық таныту керектігін еске салады.