
Қарағандыда автокөліктен ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне автокөлігінен құрал-саймандары мен электрлік сорғысы жоғалып кеткен азамат арызданды. Ұрлық салдарынан 32 жастағы қарағандылыққа 140 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.