Қарағанды полициясы мас жүргізушілермен және заңсыз тауар айналымымен күресті жалғастыруда

Қарағанды полициясы мас жүргізушілермен және заңсыз тауар айналымымен күресті жалғастыруда

Қарағанды полициясы мас жүргізушілермен және заңсыз тауар айналымымен күресті жалғастыруда
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару жағдайларын анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде іс-шаралар өткізуде. Тек өткен аптада ғана жүргізілген рейдтер барысында алты мас жүргізуші анықталды.
Мәселен, Қарағанды қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция экипажы Mercedes автокөлігін тоқтатқан. Көлікті 40 жастағы жүргізуші басқарған. Құжаттарын тексеру барысында оның алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, іс сотқа жіберілді. Сонымен қатар, жедел іс-шаралар аясында полицейлер BMW автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде қажетті құжаттары жоқ екі қорап электронды темекі анықталып, тәркіленді. Аталған факт полицияда тіркеліп, тергеу жүргізілуде.
– Көлікті масаң күйде басқару және заңсыз тауар айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды заңды сақтауға және осындай фактілер туралы полицияға хабарлауға шақырамыз, – деп атап өтті Қарағанды қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің командирі Ринат Өскембек.