
Шетелдік азамат өзінің Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғанын біліп, ерекше тәсілмен эмоция білдірді.
Қырғызстан азаматы Джумабек уулу Нұрлан бала кезінен Қазақстанда тұрады. Белгілі бір уақытта ол Қырғызстан азаматтығынан бас тарту және еліміздің азаматы болу туралы шешім қабылдап, Қарағанды қаласының Полиция басқармасы Октябрь полиция бөлімінің көші-қон қызметіне құжаттарын тапсырған. Нұрлан нәтижені асыға күтті. Көші-қон қызметкерлері оның Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы айтқанда оның қуанышында шек болмады. Ол өзінің Отанына айналған елдің Әнұранын толқумен орындады. Осылайша, оған осындай жоғары сенім білдірген мемлекетке ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде Нұрлан тәртіп сақшыларын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін құрметтейтін азаматтардың бірі болатынына сөз берді. Бұл сәт тек формальдылық емес, бірліктің нағыз символы, өмірдегі жаңа кезең. Өйткені, азаматтық-бұл төлқұжат қана емес, сонымен бірге тиесілілік сезім.