Қарағандыда танысын тонап кеткен күдікті ұсталды

Қарағандыда танысын тонап кеткен күдікті ұсталды

Қарағандыда танысын тонап кеткен күдікті ұсталды.
52 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны банк алдында берешегі бар дегенді естіп таң қалған. Белгілі болғандай өткен жылдың мамыр айында белгісіз біреулер оның атына 700 мың теңге несие рәсімдеп, түскен ақшаны қолды қылған. Бұқар-Жырау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің таныс қызы болып шықты. 22 жастағы күдікті азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.