
Қарағандылық полицейлер пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні қолға түсірді.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы азаматшаның үйін тонап кеткен күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай, ұрлық болған кезде үй иесі қонаққа кеткен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған күдікті үйіне кіріп, ас бөлмесінің жиһазын және теледидарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 430 мың теңгені құрады. Күдікті ірі заттарды күндізгі уақытта ұрлағанымен оның жасап жатқан іс-әрекетін ешкім көрмеген. Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікті ұсталды. Оның 24 жастағы жәбірленушіге қарсы үйде тұратын азамат екені белгілі болды. Күдіктігі қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.