Қарағандыда бұрын депортацияланған шетелдік азамат анықталды

Қарағандыда бұрын депортацияланған шетелдік азамат анықталды

Қарағандыда бұрын депортацияланған шетелдік азамат анықталды.
Октябрь полиция бөлімінің көші-қон қызметі күн сайын елімізге түрлі себептермен келіп жатқан шетелдіктерге тіркеу жұмыстарын жүргізеді. Осындай тіркеу жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бұрын өздерінің алдынан өткен таныс жүзді адамды байқап қалды. Алайда құжаттарға сәйкес, бұл ер адам Қазақстанға алғаш рет келген болып шықты. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің түйсігі еш қателеспеді. Мәліметтер базасын тексеру барысында 43 жастағы көрші ел азаматының бұған дейін депортацияланғаны және оған елге кіруге тыйым салынғаны анықталды. Алайда шетелдік, төлқұжат мәліметтерін өзгертіп, Қарағандыға қайта оралған. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі заң бұзушыны елден қайта шығарып жіберу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде.