"Таза Қазақстан": Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқынына қарсы алдын алу шаралары
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Қарағанды облысының полициясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көктемгі су тасқыны кезінде жарақаттанудың, ЖКО мен су басудың алдын алу бойынша жұмысты жандандырды. Меншіктің барлық нысандарының объектілерін қамтитын ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны жүргізілуде. Қар мен мұзды тазалауға, ғимараттардың, тұрғын үй кешендерінің, жеке сектордың іргелес аумақтарын абаттандыруға, сондай-ақ қасбеттерді көркейтуге басты назар аударылды. Санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 3,5 мыңнан астам ескерту жасалды. Әкімшілік жауапкершілікке 59 сауда орындарының, қоғамдық тамақтану орындарының, ойын-сауық орындарының, жанар-жағармай құю станцияларының, техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері, 17 пәтер иелері кооперативі төрағалары және 7 үй қызметкері тартылды. Тазалық пен тәртіпті сақтауға азаматтардың белсенді қатысуы атап өтілді. Тұрғындардың барлық өтініштеріне жедел түрде жауап беріледі. Жыл басынан бері осындай әрекеттерді қажет ететін 150-ден астам хабарлама тіркелді.