
Құрметті азаматтар, Қарағанды облысының полиция департаменті 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көлік құралдарымен теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енетінін еске салады.
Көрсетілген күннен бастап мопедтерді пайдалануға олар полицияда тіркелгеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі болған кезде, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Мопедтерді тіркеу үшін Қарағанды қ. Мұқанов к-сі 5 Мекен-жайы бойынша арнайы ХҚКО-ға жүгіну қажет:
- жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну (электронды түрде болуы мүмкін), Техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсыну;
- өтініш толтыру, мопедті тексеру жүргізу және мопедті тіркегені үшін мемлекеттік баждарды төлеу (0,25 АЕК немесе 983 тг.), тіркеу туралы куәлік беру (1,25 АЕК немесе 4 915 тг.) және мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК немесе 5 505 тг.).
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға және оларды жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатынын назарға ала отырып, облыс ПД мопед иелерін қазірдің өзінде оларды тіркеуге, сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ адамдар үшін мопедтерді басқару құқығын алу үшін автомектептерде оқудан өту.
Облыс полиция департаменті мопедтерді тіркеу және соңғы күндерге құқық алу мәселесін кейінге қалдырмауға кеңес береді.